Конкурс кужаттары » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2014

Конкурс кужаттары

«Бекітемін»:
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№ 58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекеме
_________________Утжанова Ш.К.

Бұйрық № 96, 02.06.2014 ж.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама

Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 58 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша конкурс
Конкурсты ұйымдастырушы:
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 58 жалпы білім беретін мектеп » Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы Турғұт Озал көшесі, 30
Нақты мекенжайы: Алматы қаласы Турғұт Озал көшесі, 30
Почталық мекенжайы: 050009, Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Тұрғыт Озалы көшесі, 30.
Банктік деректемелер: ЖСК KZ32070102KSN6001000 ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті БСК KKMFKZ2A Кбе 12
Валюта шоты: тенге
Email: almaty_58@mail.ru, сайт 58.alschool.kz
Байланыс телефондары: 240-84-70, 245-59-94

1. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 641 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 273.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 5 630 207 теңгені құрайды ҚҚС-сыз 267,85 тенге ыстық тамаққа бөлінеді.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында
_ Банктік деректемелер: ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты ЖСК 040705023603780001, БСК KKMFKZ2A Кбе 12
(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)
орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «№ 58 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» ОҚУШЫЛАРЫН ТАМАҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2014 ЖЫЛҒЫ 23 МАУСЫМ 16 САҒАТ 00 МИНУТКЕ ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050009, Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Тұрғұт Озал көшесі, 30.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 58 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әдістемелік бөлме, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты - Муратова Арайлым Балапанқызы.
Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09.00 – ден 17-00 дейін 2014 жылғы 23 маусым айын қоса ала отырып, сағат 10.00 дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 240-84-70, 245-59-94.
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы 23 маусым күні 2014 жылы сағат 16.00, директордің қабылдау бөлмесінде конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына сағат 15:00 бастап тіркелуге тиіс (Алматы қ., Алмалы ауданы, Тұрғыт Озал, 30. № 58 жалпы білім беретін мектеп ғимараты, мектеп директорының қабылдау бөлмесінде). Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;
2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
















Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 жалпы білім беретін мектеп» КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
1-қосымша


Көрсетілетін қызметті алушылар санатының
тізбесі


Оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін бойынша конкурс

№ Конкурсты ұйымдастырушының атауы Оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін бойынша конкурс, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 58 жалпы білім беретін мектеп » КММ Алматы қаласы Турғұт Озал көшесі, 30.
Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны - 641
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар - 273
Қызметті көрсету мерзімдері 01 Кыркүйек – 31 желтоқсан 2014 жыл
Қызметті көрсету орны Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 58 жалпы білім беретін мектеп » КММ Алматы қаласы Турғұт Озал көшесі, 30.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етугебюджет қаражаты есебінен бөлінген сома 5 630 207 ҚҚС сіз




Күні 02.06.2014 ж


«№58 ЖББ» КММ директоры ______________Утжанова Ш.К.
М.О.







Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 Жалпы білім беретін мектеп» КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
2-қосымша


Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 Жалпы білім беретін мектеп » КММ білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырмаcы

Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны 641 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 273.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 5 630 207 теңгені құрайды ҚҚС- сыз. Қызмет 2014 жылдың 1 қыркүйектен 31 желтоқсанына дейін іске асады.
Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші-үшінші тағамдарды дәрумендендірумен конкурсты ұйымдастырушы әзірлейді және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші қызметтерді көрсету кезінде төмендегі талаптарды сақтауға және оларды құжаттама түрінде (құжаттар конкурстық өтінімнің ішінде болуы қажет)қамтамасыз етуі қажет:
- тұтынушылардың денсаулығы үшін сапа мен қауіпсіздікке кепіл болатын тағамдармен тамақтарды әзірлеу және жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау;
- жұмысқа кәсіби, гигиеналық дайындықтан және атестациядан өткен, денсаулығына байланысты рұқсат алған тұлғаларды қабылдау;
- әрбір қызметкерге жеке медициналық кітапшаларының болуын;
- барлық қызметшілердің жұмысқа кірісу кезінде және мерзімдік медициналық байқаудан уақытылы өтуін (медициналық мекемемен келісім шарты);
- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераж журналы, қызметшілердің жедел респираторлық және іріңді жара ауруларын тексеру журналы, баска да журналдарды);
- қызметшілердің жұмыс орнын Қазақстан Республикасы қолданыстағы Заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтеріне сәйкес қамтамасыз ету;
- қызметшілердің жұмыс киімінің үздіксіз орталықтандырылған жуылатын, жөнделетін орнын және арнайы киіммен үш жиынтықтанкем емесқамтамасыз ету;
- жыл сайын жұмыс басталар алдындағы технологиялық, тоңазытқыштық, ауа тазартатын және басқа да құрылғылардың тексерісін жасау;
- өндірістік құралдардың жеткілікті мөлшерде, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдармен (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және басқа да материалдық – техникалық жарақтандырудың түрлерімен қамтамасыз ету;
- жүргізілгенжұмыстар туралы актінің болуымен қоса жұмыс орнын дезинфекциялау, дезинсекция және дератизациялау жүргізу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәріқобдишасы және уақытында толықтырып отыру;
- қызметшілерімен семинар, әңгімелесу, лекция түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру;
- өрт сөндіру құралдарының болуы. Әлеуетті өнім беруші білім алушыларды тамақтандыру жөніндегі байқауға бірінші рет қатысқан жағдайда кепілдеме – хат беруіне құқығы бар;
- азық блогына келіп түсетін азық-түліктер өнімнің санитарлық - гигиеналық талаптарына сәйкестігі жөнінде, яғни өнімнің шығуы, сапасы және қауіпсіздігі, өнімнің сақталу мерзімі, өндірілген уақыты жөніндегі жолдама құжаттары болуы қажет. Жолдама құжаттар өнімнің пайдаланылып бітпейінше сақталуы қажет;
- қызмет көрсету кезінде пайдаланатын негізі тамақ өнімдерінің сапалық сертификаттары болуы қажет;
- дайын тамақты жіберу тек алдын-ала дәмін, сапасын, қауіпсіздігісынама алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тамақтың сапасын бағалауды, тамақтың құрамындағы органолептикалық көрсеткіштердің барын 3 адамнан кем емес бракераж комиссиясы жүргізеді: медициналық қызметкер, азық блогының жауапты адамы және мектеп әкімшілігінің өкілі (тексеру тікелей тамақ дайындалған ыдыстардан алып тексеріледі).Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 12 қосымшасы) бракераж қорытындысы «Дайын аспаздық өнімдердің бракераж журналына» тіркеледі. Гигиеналық талаптарға сәйкес тамақтың ас мәзірініңәрбір порциясы шығу салмағына сәйкес болуы қажет. Тамақты дайындаудың технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмай қалған жағдайларда, анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін, тамақ жіберуге босатылмайды.
- Күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының сондай-ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауына тексереді;
- тез бұзылатын, арнайы сақтауды қажет ететін азық-түлік өнімдерінің бұзылмауын бақылау мақсатында термометрлерді (сынап түрінен басқа) қолдану арқылы тоңазытқыш құралдарындағы температуралық режимнің сақталуын бақылау. Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 11 қосымшасы) температуралық режимді бақылайтын арнайы құрал болмаған жағдайда ақпарат «Тоңазытқыштың температуралық режимін тіркеу журналына» енгізіледі;
- тамақтың технологиялық дайындау үдерісінің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір ауысымынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынама алуды осы санитарлық ережелердің 8 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының қызметкері (азпазшы) жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларының дұрыстығын бақылау медициналық қызметкер жүзеге асырады.Тәуліктік сынама тамақ пайдаланылғаннан кейін бір тәулікке дейін сақталуы тиіс.
- өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, үлкен көлемдегі және басқа да ыдыстар, қолданылатын инвентарлар, бекітілген қоғамдық ұйымдардағы тамақтанудың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес арнайы рұқсат етілген материалдардан жасалуы қажет;
- өндірістік үй-жйларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыштық жабдықтарының барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру қажет;
- қандай да бір технологиялық жабдықтар істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгерістер енгізіп және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет;
- осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға 3 жиынтықтан кем емес жеткілікті мөлшердегі ыдыстармен және құралдармен,сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме-хаты;
- азық өнімдерімен байланысты болатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, фаянс жәнне шыны ыдыстар (тарелкалар, табақшалар, шыныаяқтар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстары (қасықтар, шанышқылар, пышақтар), дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдар жасалуы тиіс;
- формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалєан тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
- оқушылардың тамақтану кестесін жасау;
- кассалық аппараттардың болуы;
- азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған көліктерде жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті;
- оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдерін, сондай-ақ шайнайтын сағыздарды тасымалдауды болдырмау туралы міндеттеме;
- мектептердің тамақтандыру блогында жыл сайын және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме.
- Ас әзірлейтін бөлмеден шыққан қалдықтарды шығару және электр қуатын төлеу міндеттеледі.



Күні 02.06.2014 ж




«№58ЖББ» КММ директоры ______________Утжанова Ш.К.
М.О.










Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 Жалпы білім беретін мектеп » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
3-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)

Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

2. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _______________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ____________________________________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ________________________________________ көрсетілетін қызметтердің
(қажетін көрсету керек)
өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)



































Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 Жалпы білім беретін мектеп » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
4-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)
2. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)























Алматы қаласы Білім басқармасының «№58 Жалпы білім беретін мектеп » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша


Қызметкерлердің біліктілігі туралы
мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші толтырады)


1. Әлеуетті өнім берушінің атауы_________________________________
_________________________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету)
әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог құрайды:
Қызметкердің Т.А.Ә. Білімі және мамандығы Мамандығы бойынша еңбек өтілі Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Барлығы
3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, _________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы Тапсырыс берушiлердiң атауы Қызметтерді көрсету орны және жылы

4. _____________________________________________________________

Похожие публикации:

28 май 2014 1