Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар...» атты мерекелік іс-шара өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар...» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
09
февраль
2021

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар...» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

  "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." 

  Іс –шараның мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың бойына адалдық, кішіпейілділік, әділеттілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту.

    Халқымыздың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың биылғы мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Азат еліміздің арқалы ақынының асыл мұрасы тәуелсіздікпен бірге мәңгі жасай береді. Оның лирикалық жырлары ұрпақ жадында ұдайы жаңғырып, жалғасын таба бермек. М. Мақатаевтың: «Отан туралы», «Отан» ,«Қазынам бар», «Қазақстан» ,«Жігіттер мақтанбалық» ,«Шыда, шыда» ,«Қазақ жері», «Шеше сен бақыттысың» ,«Қара өлең», «1945ж.Ақпан» ,«Елім барда», «Сәби ана», «Өмір жайлы сұрай берме сен менен», «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін» ,«Сырласу», «Мен таулықпын» ,«Дос болам десең», «Әке», «Жастық» ,«Мен қарапайым қарттарды сүйемін», «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» ,«Дәрігеріме» ,«Құмған алған», «Мен деп ойла» өлеңдерін және ”Аққулар ұйықтағанда” поэмадан үзіндісін  оқушылар қашықтық форматында мәнерлеп оқып ,әндері орындалды. «Менің анкетам», «Пай, пай, өмір» өлеңдерінен көрініс  қойылды. 

    Кешімізді көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың: «Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, сағыныштан туған» ,- деген сөзімен қорытындыладық. 

     Әрбір өскелең жастың ішкі ойын, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына осындай іс-шараларды  өткізудің тигізер септігі мол.