2020-2021 ж.ж. ұстаздардың жеткен жетістіктер: » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

2020-2021 ж.ж. ұстаздардың жеткен жетістіктер:

2020-2021 ж.ж. ұстаздардың жеткен жетістіктер:
Омаркулова Шайзат Ахатовна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  -Қазақстан Республикасының Білім беру  жүйесін дамытуға  қосқан зор жеке үлесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омаркулова   Шайзат Ахатовна Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.Министр  А.Аймағамбетов
Калиева Утитжан Акрамовна «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» Министр  А.Аймағамбетов.
Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу- әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізу жұмысына белсенді қатысып, жоғары біліктілік пен құзіреттілік танытқаныңыз үшін ЖШС «Арман- ПВ баспасы» алғыс хатымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Калиева Умитжан Акрамовна марапатталды. 
2020-2021 оқу жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жа ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алматы қаласы Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз  басылымы «Білім Әлемі» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асылбекова Сауле Алимбаевна дипломмен марапатталды.
Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің алғыс хатымен Багибаева Бағлан Меделхановна марапатталды.
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интелектуалдық білім сайытының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық олимпиадаға «Тарих» пәні бойынша өз шәкірттерән белснді қатыстырып,   білім  саласының дамуына қосқан үлесі үшін Мангина Ақерке маркаевна алғыс хатпен марапатталды.
Қалалық білім басқармасы
Пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға республика деңгейінде телесабақтар өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Жунусханова Динара Оралтаева Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.
«Мен Ұлы дала ұрпағымын» атты қалалық сайысқа оқушы дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Калиева Утитжан Акрамовна алғыс хатпен марапатталды.
«Тілге құрмет- елге құрмет» қалалық байқауға үздік оқушы дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Калиева Утитжан Акрамовна алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық білім бөлімі 
8 –наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай  аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен төмендегі мұғалімдер марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Бопырбаева Самал Кабдолдиновна, тарих пәні мұғалімі Мангина Ақерке Маркаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калиева Умитжан Акрамовна,  информатика пәні мұғалімі Турлыбекова Гаухар Нурланалиевна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асылбекова Сауле Алибаевна, ағылшын пәні мұғалімі Абдрасилова Гүлжазира Ерғалиевна, ағылшын пәні мұғалімі Алдибаева Катипа Отаровна, математика пәні мұғалімі Құралов Ерлан Ақылбекұлы, математика пәні мұғалімі Кадирова Айгерим Берикқызы, Танатарова Орынша Сәкенқызы.