9-11 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2021

9-11 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы өтті.

       №58 жалпы білім беретін мектепте 11- қазан күні 9-10-11 сынып ұлдар арасында  «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Ж.Ш. Махаев,  мектеп психологы С.С.Такишева   ұлдар жиналысын өткізді . Мектептің  iшкi тәртіп ережелері, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп формасына қойылатын талаптар туралы айтылды. Мектеп психологы тәртіп бұзушылық соның ішінде буллинг, кибербуллинг, яғни оқушы зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда өзіне немесе досына қалай көмек көрсете алатыны жайында әңгіме жүргізді.  Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және оқушының сеніміне ие болу арқылы көптеген мәселелерді шешуге болатындығы талқыланды.