5 «А», «Ә», «Б» сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 «А», «Ә», «Б» сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті.
23
октябрь
2021

5 «А», «Ә», «Б» сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті.

       № 58 жалпы білім беретін мектепте 23-қазан күні  5 «А», «Ә», «Б» сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті.  Кездесу барысында С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ассистенті Бокетова Бибігүл  «Дұрыс және  тиімді тамақтану - денсаулық кепілі» атты мектеп балаларына арналған дұрыс тамақтану нұсқаулығымен таныстырды. Сондай – ақ, дұрыс тамақтану ережесі, күнделікті тамақтану рационында қандай тағамдардың болуы керектігіне тоқталды.  Қазіргі жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдерінің және тәтті газдалған сусындардың бала денсаулығына тигізетін  зияны туралы айтты.                                                                                                     
       Мектеп директоры Утжанова Шынар Кеңесбайқызы мектептің ішкі ережесі туралы айтты. Осы орайда ата – аналардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып,  қойылған сұрақтарға жауап берді.          
          Мектеп психологы Сандуғаш Такишева "5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында дәріс-сабағын жүргізді. Кіші жастағы жасөспірім туралы ата-ана нені білуі керек және орта буынға бейімделуде қандай қиындықтарға тап болатындығы ескертіліп, ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер берді.