«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
21
декабрь
2021

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні мектебіміздің 4 «А» сынып оқушыларымен  Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Оқушылар ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын мысалдарынан көрініс қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Оқушылармен  кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.