23
декабрь
2021
«Болашақ» пікір – сайыс клубында дебат ұйымдастырылды.
№58 ЖББМ КММ де – «Болашақ» пікір – сайыс клубының «БК адамзат жасанды интеллектіні ойлап табудан бас тартуы керек деп санайды» резолюциясында Линкольн – Дуглас форматында фан – дебаты болып – өтті. Дебатқа 8 оқушы қатысты. Мақсаты: дарынды және бастамашыл, сыни ойлауын, шешендік шеберлігін, коммуникативті дағдыларын дамыту. Дебат барысында пікір – сайысшылар жақтаушы және даттаушы болып бөлініп, резолюцияға сай нақты аргументтер келтіру арқылы төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне сендіруге тырысты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен даттаушы жақ сыни – ойлау және шешендік қабілетімен басым түсіп, жеңіске жетті.