«Оқушы үнін сабақты жақсартуда қалай қолданамыз?» - тақырыбында коучинг өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушы үнін сабақты жақсартуда қалай қолданамыз?» - тақырыбында коучинг өтті.
03
февраль
2022

«Оқушы үнін сабақты жақсартуда қалай қолданамыз?» - тақырыбында коучинг өтті.

№58 ЖББМ 03. 02. 2021ж Абыханова Л.  «Оқушы үнін  сабақты жақсартуда қалай қолданамыз?»  - тақырыбында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен коучинг өтті. 
     
       Коучинг мақсаты: 
       1. Оқыту мен оқу үрдісінде «Оқушы үні» идеясының маңыздылығы туралы түсініктерді арттыру.
        2. Қазіргі уақытта оқушыны толғандыратын мәселелер бойынша  «Оқушы үні» тәсілін  тиімді қолдану.
         3. Мұғалім мен оқушы , оқушы мен оқушы арасындағы қарым –қатынасты дамыту.
 
      Сондай-ақ коучинг барысында оқушы үнін тыңдаудың маңыздылығының себептеріне тоқталды: 
       * ҚР білім беру жүйесінің мазмұны жаңарту кезеңіне көшу.
        * Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесін ендіру.
        * Оқуда қолданылатын жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану.

        Коучингты қорытындылай келе, оқушылардың оқу сапасын арттыруда “оқушы үнін” тыңдаудың артықшылықтарын атап өтті: 
         * Мұғалім өз тәжірибесінің жақсару тұстарын біледі;
         * Оқушылар ойын тыңдауға мүмкіндік алады.
         * Оқудағы кемшіліктерді анықтайды.
         * Оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға көмек береді.
         * Табысты, сапалы оқу ортасы құрылады.