Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2022

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

№58 ЖББМ “Бүкіл әлемдік азаматтық қорғаныс күні” бойынша өткізілетін іс-шаралардың жоспары бойынша 24.02. 2021ж 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен “Ауғанның асуында от кешкендер” тақырыбында ардагер ағаларымызбен кездесу кеші ұйымдастырылды. 
Ауған соғысының ардагерлері: Ержан Байбалаков; Теменов Абзал; Бейсенбаев Әуез; Тастанов Тұрсыналы ағаларымыз кеш қонағы болды. Кездесу барысында ағаларымыз өз оқиғалары мен басынан кешкен естеліктерін оқушыларға айтып берді. Оқушылар өз сауалдарына жауап алды. Жас өскелең ұрпақтың алдында өнеге-үлгі болып, өз уақыттарын қиып келген ағаларымызға мың алғыс ! 
  Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын ағайын?! Еліміздің жаужүрек азаматтары, әскери-қызметкерлер, ел сақшылары қашанда сый-құрметке лайық 👏👏👏