01
июнь
2023
«Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
💐🔔✅
Мектебімізде «Сыңғырла, соңғы Қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын шымылдығын мектеп оқушыларынан құралған домбырашылар оркестрі ашты. Одан кейін еліміздің Әнұраны орындалып, алғысөз мектебіміздің директоры Утжанова Шынар Кеңесбайқызына берілді. Шынар Кеңесбайқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Жиын барысында, түлектер ұстаздарына әншашулары мен әсем билерін арнап, ізгі тілектерін жолдады. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
Салтанатты шараның соңында түлектер қоштасу вальсін биледі.