Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады
07
апрель
2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады

  Мемлекет үшін бастысы - адамдардың қауіпсіздігі. Жұмысты үйлестіруде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсетуге басымдық берілуде, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша тұратын орын-жаймен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету.
 Мемлекет су тасқынының зардаптарын жою бойынша қарқынды шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Елде қалыптасқан жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.
 Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетіледі, барлық шығын өтеледі және толық жабылады.
 Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау маңызды.
 Қазіргі басты міндет – су тасқыны кезеңін еңсеріп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.