Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті
09
январь
2026

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті

№58 жалпы білім беретін  мектепте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті. Алмалы ауданды ПБ ККБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Кошкимбаев Самат Кемелханұлы 9–11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 Атап айтқанда, жасөспірімдердің суық қару (пышақ, кастет) ұстауы –  қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.  Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрудің құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар бапта көрсетілген тармақтар бойынша ескерту ретінде: егер адам аталған заттарды өз еркімен тапсырса және оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатыны ерекше атап өтілді.