11
февраль
2026
«Көңіл күй термометрі», «Менің сезімдерім», «Жақсы сөз – жанға қуат», «Ашуды басқару жолдары»тақырыптарында жоғары сынып оқушыларымен жаттығулар,тренингтер жүргізілді.
Мектеп психологының ұйымдастыруымен оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз сезімдерін тану және реттеу, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ ашу сезімін конструктивті басқару,ҰБТ алдындағы қобалжу деңгейін төмендету мақсатында және Буллингті алдын алу бойынша «Көңіл күй термометрі», «Менің сезімдерім», «Жақсы сөз – жанға қуат», «Ашуды басқару жолдары»тақырыптарында жоғары сынып оқушыларымен жаттығулар,тренингтер жүргізілді. Жүргізілген психологиялық жаттығулар оқушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізді. Оқушылар өз көңіл күйін бақылауды, сезімдерін тануды және оларды дұрыс жеткізуді үйренді. Сонымен қатар, ашуды басқару дағдылары қалыптасып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал нығая түсті.Аталған жұмыстар оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, өзін-өзі реттеу қабілетін дамытуға және психологиялық денсаулығын қолдауға ықпал етті.