8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2019

8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мектебіміздің көп балалы аналарының, ұстаздарының, аруларының құрметіне "Шуақ шашқан мереке" атты мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кештің жүргізушілері 8 Ә сынып оқушысы Мұхамеджан Сағи және 3 Ә сынып оқушысы Армия Айзере.
Кеш барысында өнер көрсеткен оқушылар:
3 Ә сынып оқушылары Армия Айзере, Шаймқұлова Әсел "Анашым құдіретіңе табынамын" әнімен,
4 А сынып оқушысы Бектұрған Арнұр "Менің анам алтын" әнімен,
9 Б сынып оқушысы Қалияс Мерей "Асыл ана" әнін,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махаев Жәнібек Шаймқұлұлы "Анашым" әнін,
1-сынып оқушыларынан құрылған "Бүлдіршіндер тобы" "Анашым, ана жаным" әнін,
3-4 сынып оқушылары Арман Мұхамед, Тұрсынбетов Махмуд, Сүлеймен Аян, Айтбай Ерасыл, Нұрланұлы Асылхан, Сайдахмет Жанарыс тақпақтарын оқып,
9 Ә сынып оқушысы Нургалиев Даулет саксафонмен шығарма орындап,
8 "Ә" сынып оқушысы Майданов Бақтыбек Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін,
7 Ә және 8 Ә сынып оқушылары заманауи би билеп,
10-11 сынып оқушыларынан құылған әскери-патриоттық жарыс қатысушылары өз өнерлерін көрсетіп,
соныңда 6 "А" сынып оқушылары жиналған ата-аналар мен ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлап, "Ана туралы" хормен кешімізді аяқтады.