«Жас ұлан, Жас қыран» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімі » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас ұлан, Жас қыран» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімі
08
ноябрь
2023

«Жас ұлан, Жас қыран» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімі

   № 58 жалпы білім беретін мектепте «Жас ұлан, Жас  қыран» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімі мен өзін- өзі басқару ұйымының ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. «Жас Қыран» ұйымына 16 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. 

   Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған өзін- өзі басқару ұйымының мүшелері жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.