ҰБТ-ға дайындық бойынша оқушыларға арналған кеңестер » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-ға дайындық бойынша оқушыларға арналған кеңестер
10
октябрь
2023

ҰБТ-ға дайындық бойынша оқушыларға арналған кеңестер

Оқушыларға арналған кеңестер: 

ҰБТ-ға дайындық кезінде күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?
 - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
 
Күн тәртібі:
 
* күнді үш бөлікке бөл;
 * Тестке күніне 8-сағат дайындық;
 * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге, сүйікті ісіңмен шүғылдануға, үй шаруасымен айналысуға, демалуға 8-сағат;
 * 8-сағаттан кем ұйықтама; (22:00-06:00 уақыт аралығында ұйықтауға тырыс)
 * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
 
Тамақтану:
 Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.