24
январь
2025
«Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында «Заң және тәртіп» айлығы
Тәрбие сағаты ҚР – сы мемлекеттік әнұранымен ашылды. Іс-шараға 24 оқушы қатысты, 2 оқушы ауырып қалуына байланысты қатыса алмады (мед.анықтамалары бар). Сынып оқушылары екі топқа бөлінді. 1 топ – «Қырандар», 2 – топ «Талапкерлер». Үш кезеңнен тұратын іс-шараның бірінші кезеңінде мұғалім, мектеп формасының маңызы мен міндеттері туралы айтып берді. Екінші кезеңінде, екі топ спикерлері өз пікірлерін ортаға салды. Үшінші кезеңде қарсы топтар бір-біріне сұрақтар қойды, пікірлер талқыланып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында пікірталас нәтижесі бағаланды. Әр топтың белсенділігі, дәлелдерінің сенімді әрі негізділігі, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, аргументтерінің күштілігі, қарсы пікірге жауап беру қабілеттері ескерілді. «Қырандар» тобы жеңіске жетті.