Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июль
2024

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - 2024» акциясы

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша жыл бойы жүргізіледі. Акция шеңберінде көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке баруға қаржылай және заттай қолдау көрсетеді. Биылғы жылы «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өткізілуде. Шараның басты мақсаты – рейдтер қорытындысы негізінде қауіпты топтағы балалардың, әлеуметтік көмекке зәру отбасылар балаларының тізімін жасау, оларды мектепке баруын қамтамасыз ету; меценеаттар туралы дерекқор жинау, олармен серіктестік қатынас орнату, оларға балаларды мектепке дайындау бойынша көмекке зәру балалармен отбасылар туралы мәлімет беру; балалардың мектепке бармай қалуына кінәлі адамдарға қарсы шаралар қолдану (балалардың жүйелі түрде мектепке келмеу фактілерін жасырған және теріс мәліметтер берген мектеп әкімшіліктеріне, балаларын мектепке беруден жалтарған ата-аналарға, балалар еңбектерін пайдаланушы жұмыс берушілерге); балаларды киім-кешекпен және оқу құралдары, тіпті кеңсе тауарларымен қамту қарастырылған. Акция барысында мектебімізде өткізілетін ісшаралар ұйымдастырылып, жоспары бекітілді. Қабырға стенді жасалды.