28
октябрь
2025
Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайына саяхат
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайына саяхат жасады. Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
