Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда Алмалы ауданының Жаңа жылдық шыршасын жағу салтанатты рәсімі өтті.
18
декабрь
2025

18 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда Алмалы ауданының Жаңа жылдық шыршасын жағу салтанатты рәсімі өтті.

18 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда Алмалы ауданының Жаңа жылдық шыршасын жағу салтанатты рәсімі өтті. Биіктігі шамамен 20 метрді құрайтын басты шырша дәстүрлі «бір, екі, үш» кері санауымен жарқыраған шамдарын жағып, келе жатқан 2026 Жаңа жылды айшықтады.

Қар жауғанына қарамастан, мерекелік шараға аудан тұрғындары – ересектер мен балалар, отбасылар және қала қонақтары жиналды. Қатысушылар үшін қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахнада Мұхтар Ханзада, «LIGHT Band» тобы, «Жігіттер» квартеті, сондай-ақ балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Мерекелік көңіл күйді жүргізушілердің интерактивті ойындары, аниматорлардың қойылымдары, «Қысқы ертегі» атты шағын қойылымы мен ертегі кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақардың сахнаға шығуы толықтырды.

Шыршаны жағу рәсімі Алмалы ауданындағы Жаңа жылдық іс-шаралардың жарқын бастамасына айналып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй, жылылық пен Жаңа жылдың жақындап қалғанын сезіндірді.