Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын беріп жүре берсін!
17
март
2026

Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын беріп жүре берсін!

58 жалпы білім беретін мектептің мектеп парламенті мүшелері қайырымдылық ісіне атсалысып, Қайырымдылық қоры арқылы қарттар үйіне азық-түлік апарып, үлкендерге құрмет көрсетті. Бұл игі іс – мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.

Осындай сауапты іске белсене қатысып, қамқорлық танытқан 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушыларына ерекше алғыс білдіреміз. Жас ұрпақтың жүрегіндегі мейірім мен жанашырлық – қоғамымыздың болашағының жарқын екенін көрсетеді.

Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын беріп жүре берсін!