2019-2020 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2020

2019-2020 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Балдәурен балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз! Бұл жыл тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар орны бар жыл. Атап айтар болсақ, бұл жыл –
-Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл
- Абай Құнанбайұлына 175 жыл
- Ұлы Жеңіске 75 жыл
Ендеше, бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмытылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ! Биылғы жыл біздің мектебіміз үшін де ерекше есте қаларлықтай жемісті жыл болды! 11 жыл күткен қуанышты кезең, 11 жыл өткізген балалық шақпен қоштасатын кезең, 11 жыл бойы алған біліміңнің жемісін көрсететін кезең, яғни аттестат тапсыру рәсімі де келіп жетті. Бітіруші түлектеріміздің арасында бес «Алтын белгі» иегерлері:
1. Ахметова Мидина Армановна «Алтын белгі» иегері, орыс тілі пәні бойынша қалалық олимпиада жеңімпазы
2. Асқар Аружан Жұмағалиқызы «Алтын белгі» иегері, химия пәні бойынша аудандық олимпиада жеңімпазы, химия пәнінен қалалық ғылыми жоба жеңімпазы.
3. Жұмабек Диас Дәуірұлы «Алтын белгі» иегері.
4. Нурсапарова Диляра Маратовна «Алтын белгі» иегері, орыс тілі пәні бойынша олимпиада жүлдегері.
5. Нұрмолдақызы Данель «Алтын белгі» иегері.
Екі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері:
1. Күмісбай Рустам Рүстемұлы аудандық, қалалық дзюда күресінен, волейболдан, футболдан 1, 2-орын иегері.
2. Қуанышқызы Динара тарих пәнінен аудандық олимпиада жеңімпазы.
Мектебіміздің мақтанышы Шаимкулова Аружан Жанибекқызы география пәнінен қалалық олимпиаданың ІІ орын жүлдегері, қазіргі уақытта республикалық олимпиадаға дайындық үстінде.
Бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ-ден жоғары балл алуларыңызға тілектеспіз! Ақ жол, сәт сапар тілейміз!