Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқитын ұлт» жобасы аясында №58 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған танымдық әдеби іс-шара өткізілді.
23
январь
2026

«Оқитын ұлт» жобасы аясында №58 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған танымдық әдеби іс-шара өткізілді.

2026 жылдың 22 қаңтарында «Оқитын ұлт» жобасы аясында №58 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған танымдық әдеби іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және көрнекті тұлғалардың шығармалары арқылы рухани тәрбие беру.
«Кемел» кітап клубына оқуға бірнеше (4–5) әдеби шығарма ұсынылды. Кітап таңдау барысында оқушылар арасында қызу талқылау жүріп, әр шығарма өз ерекшелігімен қызығушылық тудырды. Талқылау нәтижесінде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шығармасы таңдап алынды.
Аталған шығарманың таңдалуы кездейсоқ емес. 2026 жыл – қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. «Ұшқан ұя» шығармасы арқылы оқушылар жазушының балалық шағы, отбасылық тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар туралы терең мағлұмат алды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, шығармадан алған әсерлерін ортаға салды. Кездесу мазмұнды өтіп, қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығы арта түсті.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушыларға рухани-танымдық әсер сыйлады. Алдағы уақытта «Оқитын ұлт» жобасы аясында осындай мазмұнды кездесулерді жалғастыру жоспарлануда.