Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2026

11 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

58 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі тақырыбы – “Үштік одақ” (ата-ана – мұғалім – бала) ынтымақтастығын нығайту болды.

Кездесу барысында оқушылардың оқу жетістіктері, тәртібі, алдағы емтихандарға дайындық мәселелері талқыланып, ата-аналармен ашық пікір алмасу өтті.

Бала тәрбиесіндегі ең маңызды күш – мектеп пен ата-ананың бірлескен әрекеті. Өзара сенім мен қолдау арқылы ғана біз оқушыларымыздың жарқын болашағына бірге қадам жасай аламыз.

Барлық ата-аналарға белсенді қатысып, қолдау білдіргендері үшін алғыс білдіреміз!