Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2026

2 Ә сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Азаматтық қорғаныс күніне орай 2 Ә сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, қауіпсіздік шараларын түсіндіру және азаматтық қорғаныстың маңызын ұғындыру.

Шара барысында «Төтенше жағдай деген не?», “ ЖЖЕ”, «Өрт кезіндегі қауіпсіздік», «Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Сонымен қатар 112 бірыңғай құтқару нөмірі туралы мәлімет берілді.

Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қауіпсіздік ережелерін есте сақтау бойынша қорытынды жасалды.

Іс-шара өз мақсатына жетті.

Сынып жетекшісі: Жунусханова Динара Оралтаевна