30
март
2026
Экологиялық тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
№58 жалпы білім беретін мектепте Экологиялық тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
1–4 сыныптар: «Көктеммен кездесу»
Оқушылар көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейтті.
5–9 сыныптар: «Үш R қағидасы (Reduce, Reuse, Recycle). «Мейірімді қақпақ» жобасы»
Оқушыларға қалдықтарды азайту, қайта пайдалану және қайта өңдеу жолдары түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. «Мейірімді қақпақ» жобасының маңызы да кеңінен айтылды.
10–11 сыныптар: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»
«Алматы – таза қала» тұжырымдамасы аясында оқушылар туған қаланың тазалығын сақтау, экологиялық жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным туралы ой бөлісті.