5 «В» сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

5 «В» сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді.

    №58 жалпы білім беретін мектеп кітапхансында  03.02.2023 жылы  "Білім кілті кітапта"атты тақырыпта  5  «В» сынып  оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. "Білім кілті кітапта" атты  іс-шараның  өз деңгейінде өтуіне мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Б.Оналбекова мен өзін-өзі  басқару ұйымының мәдениет минстрі  Кәдір Аяна Ардаққызы  ұйымдастырды.                                                                          Мақсаты: Кітаптың сюжеттік  маңызын ұғындыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру ; оқушыларды кітапты ұқыпты,таза ұстай білуге,оны құрметтеуге баулу.  Адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты жинақтап сақтайтын, оны оқырмандарына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрғандай. Білім мен ғылымның, ақпарат пен мәдениеттің орталығы болып табылады.