Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2025

"Тоғызқұмалақ" Қазақстан Республикасы чемпионаты

🎉 Құттықтаймыз!🎉

Қызылорда қаласында өткен тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы Х командалық Қазақстан Республикасының чемпионатында блиц түрінен тамаша өнер көрсеткен жас спортшыларымыз —
Берікбол Нұрай мен Жарқынбек Айгерім
айрықша шеберлік танытып, 2-орын иеленді! 🥈

Осы жетістіктерінің нәтижесінде олар "Спорт шебері" атағына ие болды! 🏅

Бұл жеңіс — табандылықтың, ұлттық спортқа деген адалдықтың жемісі.


💥 Ерекше мақтаныш — спортшыларымыз небәрі 13-14 жасында "Спорт шебері" атағын алуы!
Мұндай жетістік – жастарымызға үлгі, мектебімізге мәртебе!

📣 Қос спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алда да биік белестер, жаңа жеңістер тілейміз!

👏 Мақтанышымызсыңдар! Алда алар асуларың көп болсын!

#Тоғызқұмалақ #Чемпионат2025 #Қызылорда #СпортШебері #Жеңіс #Мақтаныш