26
сентябрь
2024
«Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
«Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
Қыркүйек айында өткен «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің дарынды оқушылары қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау барысында түрлі номинациялар бойынша бақ сынаған оқушыларымыздың үшеуі жүлделі орындарға ие болып, 11-сынып оқушысы Ерікұлы Бақберген қалалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар тізімі:
| № | Оқушының аты-жөні | Номинация | Сыныбы | Жетекшісі (Аты-жөні, телефоны) | Жеткен жетістігі |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Кәдір Аяна | Эссе жазу | 11 | Калиева У.А. | 2-орын |
| 2 | Молдрахим Диана | Ақындар мүшәйрасы | 11 | Калиева У.А. | 2-орын |
| 3 | Ерікұлы Бақберген | Шешендік, білгірлік сайысы | 11 | Калиева У.А. | 1-орын (жолдама) |
| 4 | Оңғар Бағлан | Көркемсөз оқу | 11 | Калиева У.А. | 3-орын |
Оқушыларымыздың әдебиет пен шешендік өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы — мектеп мақтанышы. Барша қатысушыларды және жетекшісі Калиева У.А.-ны шын жүректен құттықтаймыз! Қалалық кезеңге жолдама алған Ерікұлы Бақбергенге сәттілік тілейміз!