Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2025

«Зейін-2025»ғылыми жоба байқауындағы жеңіс

🏆 III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс!

2025 жылдың 11 қазанында өткен III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауына 15-тен астам елден 500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынасты.
Осы беделді халықаралық додада мектебіміздің мақтанышы, 5 “А” сынып оқушысы Мухаметджан Айару математика бағыты бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп, I орынды иеленді.

Жүзден жүйрік шығып, халықаралық деңгейде іргелі ғылыми жобасын қорғаған Айару енді 2026 жылдың сәуір айында Анкара қаласында өтетін VIII халықаралық түркі елдері олимпиадасына жолдама алды.

Жетекшісі:Қали Жансая Ағланқызы!