Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында өтті.
13
март
2026
И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында өтті.
Алматы қаласында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған байқаудың қалалық іріктеу кезеңі И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында өтті. Қатысушылар: 5–8 сынып оқушылары, Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Қазылар алқасы: * Алтыншаш Жақиянова – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар әдебиетінің қаламгері; * Дәулетбек Байтұрсынұлы – республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы; * Токтарова Бакыт Умитхановна – Орталықтандырылған кітапхана
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
12
март
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  IV республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының Алматы қалалық іріктеу кезеңінде 58 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Амангелдиева Дария жүлделі 🥉 III орын иеленді!  Дарияның білімге деген құштарлығы мен өнері жоғары бағаланып, тамаша нәтиже көрсетті. Осындай жетістігімен мақтанамыз!  Жас дарынға алдағы уақытта да үлкен табыс, биік белестер және шығармашылық шабыт тілейміз! ✨
Жеңіс құтты болсын!
11
март
2026
Жеңіс құтты болсын!
Жеңіс құтты болсын! «Мәшһүр Жүсіп оқулары» аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Тыныштықбай Болатәлі жоғары нәтиже көрсетіп, 🥇 І орын иеленді. Сонымен қатар, қалалық кезеңге қатысып, сертификатпен марапатталды. Жас дарын иесіне алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!
Жеңіс құтты болсын!
04
март
2026
Жеңіс құтты болсын!
Жеңіс құтты болсын! ✨ 58 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары «Зерделі Ұрпақ» олимпиадасынан 🥉 3-орын иеленді! Бұл – оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Жетістікке жеткен шәкірттерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 👏📚 Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 🌟
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
04
март
2026
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.03.2026 ж. С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде өткен «Ұшқыр ой» атты аудандық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің «Феномен» фракциясы жүлделі 🥇 І орынды иеленді! Бұл – жүйелі дайындықтың, табандылық пен бірліктің нәтижесі. Фракция спикерлері: 🔹 Координатор – Қалмырза Жасулан 🔹 Орынбасаров Бекмұрат 🔹 Әрин Ақмаржан Жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын! ✨
“Көктем аруы – 2026
04
март
2026
“Көктем аруы – 2026
“Көктем аруы – 2026” ✨🌸 58 жалпы білім беретін мектепте 1-сыныптар арасында “Көктем аруы – 2026” атты ерекше әрі әсерлі байқау өтті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз көктемнің нәзіктігі мен сұлулығын өз өнерлері арқылы паш етті. Байқау барысында қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, сахнада еркін өнер көрсетті. Әрбір аруымыздың жүрек жылуы мен шынайы күлкісі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 💐 Бұл шара – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіне деген сенімділігін
ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ТАЛАНТ
24
февраль
2026
ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ТАЛАНТ
ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ТАЛАНТ ✨🎬 6 «А» сынып оқушысы Нургазы Ақтанберді киноиндустрия бағытында тағы бір белесті бағындырды! Ол “Актерлік шеберлік және кино актёры” курсы бойынша білімін жетілдіріп, кәсіби тәжірибе жинақтады. 🎭👏 Курс барысында сахна мәдениеті, рөлге ену, эмоцияны жеткізу, камера алдында еркін жұмыс жасау дағдыларын меңгерді. Бұл — болашақ үлкен жетістіктердің бастауы! Жас өнерпазымызға шығармашылық табыс, биік белестер және жарқын рөлдер тілейміз! 🌟 Алдағы уақытта үлкен
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
23
февраль
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  ✨ 1 “Ә” сынып оқушысы Нұрлан Айым «SHUAQ» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен «FESTIVAL 2026» республикалық өнерпаздар байқауында “Көркем сөз” номинациясы бойынша 🥈 II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, талмай дайындықтың және сахнаға деген сүйіспеншіліктің жемісі! 👏 Айымның әрбір өнер көрсетуі – көрермен жүрегіне жол табатын ерекше әсерге толы. Жас дарынға шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тіле
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
20
февраль
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆 58 жалпы білім беретін мектептің 4 “Ә” сынып оқушылары Тоғызқұмалақтан алғашқы жарыстарында тамаша нәтиже көрсетті! 🥇 Умиров Асланбек – I орын 🥉 Сарсенбай Айару – III орын Бұл – олардың алғашқы жарысы, алғашқы үлкен жетістігі! 👏👏👏 Жас зияткерлерімізге тек биік белестер, толағай табыстар тілейміз! Жеңіс құтты болсын! Алға, 4 “Ә” Жетекшісі: Қасымбеков Самат ағайымызға рахмет айтамыз!!
“CHOCO Day” – тәтті көңіл күй сыйлаған күн!
18
февраль
2026
“CHOCO Day” – тәтті көңіл күй сыйлаған күн!
🍫✨ “CHOCO Day” – тәтті көңіл күй сыйлаған күн! ✨🍫 58 жалпы білім беретін мектепте ерекше әрі көңілді “CHOCO Day” өтті. Бұл күні оқушылар өздерінің жасырын адамдарына шоколад сыйлап, бір-біріне жылы лебіздері мен көтеріңкі көңіл күйін тарту етті. 💌 Тәтті сыйлықтар арқылы балалар достықты, сыйластықты және мейірімділікті дәріптеді. Әр шоколадтың артында шынайы қуаныш пен жағымды эмоция тұрды. 😊 Осындай жарқын сәттер мектеп өмірін одан әрі қызықты әрі есте қаларлық етеді!