13
ноябрь
2025
Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде
13-14 қараша күндері Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес №58 жалпы білім беретін мектепте 1-11сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті.
Кездесу барысында «Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде»,«Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» «Жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен құқықтық кемелдігін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыптарында болды.
Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту және мінез-құлық мәдениетін нығайту болды. 