«Білім және мансап» атты XXIV Қазақстан халықаралық көрмесі
2025 жылдың 19 қараша күні №58 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары «Атакент» көрме орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан дәстүрлі «Білім және мансап» атты XXIV Қазақстан халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде оқушылар мамандыққа байланысты маңызды ақпараттармен танысты.