Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің көңіл күйім немесе ЗУМ»тақырыбында тренинг жүргізілді
26
декабрь
2025
«Менің көңіл күйім немесе ЗУМ»тақырыбында тренинг жүргізілді
Командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру,кәсіби эмоционалды күйзелісті алдын алу және ұжымдағы ынтымақтастық пен жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Менің көңіл күйім немесе ЗУМ»тақырыбында тренинг жүргізілді. Жаттығу барысында мұғалімдер өз көңіл күйін анықтау, сезімдерін қауіпсіз әрі еркін жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Кері байланыс беру барысында,жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал еткенін атап өтті. Мұғалімдер өз көңіл күйін анықтап, эмоцияларын еркін
«Қаржылық сауаттылық – табыстың кепілі» қалалық эссе байқауы
25
декабрь
2025
«Қаржылық сауаттылық – табыстың кепілі» қалалық эссе байқауы
«Қарызсыз қоғам» медиа жоспарына сәйкес орта білім беретін мектептердің 9–10 сынып оқушылары арасында өткен қалалық эссе байқауында «Қаржылық сауаттылық – табыстың кепілі» тақырыбы бойынша ІІ орын алған 10 “А” сынып оқушысы Құдайберген Ақжан және lll орын алған 9 “Ә” сынып оқушысы Омари Ялданы құттықтаймыз. Жетістіктерің көп болсын!
7-8 сыныптың оқушыларымен стреске төзімділікті қалыптастыру бағытында психологиялық жаттығулар өткізілді
24
декабрь
2025
7-8 сыныптың оқушыларымен стреске төзімділікті қалыптастыру бағытында
Мектеп психологының үйымдастыруымен 7-8 сыныптың оқушыларымен стреске төзімділікті қалыптастыру бағытында психологиялық жаттығулар өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар эмоцияларын тану және сабыр сақтау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындады.Кері байланыс беру барысында өткізілген жаттығулардың пайдалы әрі қызықты болғанын атап өтті.Көпшілігі тапсырмалар сабыр сақтауға, өз эмоцияларын жақсырақ түсінуге көмектескенін айтып,жағымды әсерлерімен бөлісті.
«Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлық белгілері» тақырыбында ата-аналарға сауаттандыру сағаты өткізілді.
24
декабрь
2025
«Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлық белгілері» тақырыбында
Жасөспірімдердегі эмоционалдық күйзеліс белгілерімен таныстыру, қауіптің алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында «Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлық белгілері» тақырыбында ата-аналарға сауаттандыру сағаты өткізілді. Сауаттандыру сағатында қауіп белгілері,қауіп факторлары,алдын алу шаралары бойынша ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Ата-ана мен бала арасындағы сауатты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ұсынымдар беріліп,жадынамалар таратылды.Қойылған сұрақтарға толық жауап
Бастауыш сынып оқушыларымен “Эмоционалды инттеллектті” дамыту мақсатында психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді.
24
декабрь
2025
Бастауыш сынып оқушыларымен “Эмоционалды инттеллектті” дамыту
Психология апталығына орай, бастауыш сынып оқушыларымен “Эмоционалды инттеллектті” дамыту мақсатында психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді.
4 сынып оқушыларымен «Өзіңді таны, эмоцияларыңмен дос бол!» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
24
декабрь
2025
4 сынып оқушыларымен «Өзіңді таны, эмоцияларыңмен дос бол!»
Психология апталығына орай, 4 сынып оқушыларымен «Өзіңді таны, эмоцияларыңмен дос бол!» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: оқушыларға өз сезімдерін тануға, дұрыс жеткізуге көмектесу, эмоционалды инттеллектті дамыту.
Бақыт Әліпбаева «Өзіңнен баста» челленджі
24
декабрь
2025
Бақыт Әліпбаева «Өзіңнен баста» челленджі
🎬Бақыт Әліпбаева «Өзіңнен баста» челленджі Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері - Әліпбаева Бақыт Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында азаматтық жауапкершілікті нығайту, қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жеке үлгі арқылы қоғамда оң көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Өзіңнен баста» республикалық челленджіне белсенді түрде қатысуға және қолдауға шақырады. Аталған
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
23
декабрь
2025
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
🎄 Жаңа жылдық ертегі – 58 мектепте 🎄 №58 жалпы білім беретін мектепте 1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, жаңа жылдық көңіл күйге бөленді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – мерекенің ең үлкен сыйы болды 🤍 ✨ Жаңа жыл барша бүлдіршіндерге бақыт, денсаулық, білімге құштарлық пен жарқын болашақ әкелсін!
Құттықтаймыз!
23
декабрь
2025
Құттықтаймыз!
🎉 Құттықтаймыз! 🎉 9 «Ә» сынып оқушысы Шакаров Ахмадты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістің артында қажырлы еңбек, табандылық және үлкен қолдау тұр. 💪 Әкесі әрі жеке тренері — Кусанов Қуаныштың еңбегі мен кәсіби шеберлігі — ұл жетістігінің берік негізі. Әке мен баланың бір мақсатқа ұмтылған бірлігі — нағыз үлгі! 🏆 Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! ✨ Жарайсыздар! 👏 Мектебіміздің мақтанышы!
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слеті
23
декабрь
2025
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік
Қалалық слет – көшбасшылар алаңы ✨ Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінде белсенділігімен, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен 🎓 10 «Ә» сынып оқушысы Нурбаева Муслима мадақтамамен марапатталды. Бұл слет – жас көшбасшылардың тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салып, болашаққа нық қадам жасауына үлкен мүмкіндік болды. Муслиманы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз 🌟