Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
22
декабрь
2025
«Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
№ 58 жалпы білім беретін мектепте «Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты таза ұстаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру .
«Жеке қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
22
декабрь
2025
«Жеке қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
№58 жалпы білім беретін мектепте «Жеке қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, күнделікті өмірде сақтық шараларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.
*Антитеррорлық қауіпсіздік ережелері* бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді
22
декабрь
2025
*Антитеррорлық қауіпсіздік ережелері* бойынша түсіндірме жұмыстарын
Бүгін 22.12.2025 жылы Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі майор Е.Ж.Балтабаев ұстаздар мен кіші қызметкерлерге *антитеррорлық қауіпсіздік ережелері* бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дәріс өткізді. Дәріс барысында лаңкестік жағдайлар туындаған кездегі әрекет ету тәртібі, қауіптің алдын алу жолдары мен эвакуация ережелері жан-жақты түсіндірілді. Бұл шара — мектеп ұжымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі
22
декабрь
2025
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі Бүгін мектебіміздің оқушылары жүрекке жылу сыйлайтын игі істің бастамашысы болды 💛 Күн сайын елеусіз еңбегімен қоғамға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды – көше тазалықшылары, құрылысшылар, жүргізушілер мен еңбек адамдарын мерекелерімен құттықтадық. Оқушыларымыз көшедегі жандарға тәттілер таратып, шынайы алғыс пен жылы сөздерін арнады. Кішкентай ғана сыйлық, бірақ үлкен құрмет пен ризашылықтың белгісі. #ҚарапайымЖұмысшылардыҚұттықтау