Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
23
декабрь
2025
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
🎄 Жаңа жылдық ертегі – 58 мектепте 🎄 №58 жалпы білім беретін мектепте 1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, жаңа жылдық көңіл күйге бөленді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – мерекенің ең үлкен сыйы болды 🤍 ✨ Жаңа жыл барша бүлдіршіндерге бақыт, денсаулық, білімге құштарлық пен жарқын болашақ әкелсін!
Құттықтаймыз!
23
декабрь
2025
Құттықтаймыз!
🎉 Құттықтаймыз! 🎉 9 «Ә» сынып оқушысы Шакаров Ахмадты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістің артында қажырлы еңбек, табандылық және үлкен қолдау тұр. 💪 Әкесі әрі жеке тренері — Кусанов Қуаныштың еңбегі мен кәсіби шеберлігі — ұл жетістігінің берік негізі. Әке мен баланың бір мақсатқа ұмтылған бірлігі — нағыз үлгі! 🏆 Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! ✨ Жарайсыздар! 👏 Мектебіміздің мақтанышы!
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слеті
23
декабрь
2025
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік
Қалалық слет – көшбасшылар алаңы ✨ Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінде белсенділігімен, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен 🎓 10 «Ә» сынып оқушысы Нурбаева Муслима мадақтамамен марапатталды. Бұл слет – жас көшбасшылардың тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салып, болашаққа нық қадам жасауына үлкен мүмкіндік болды. Муслиманы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз 🌟
Жетістігімді ұстазыма арнаймын! челленджі
23
декабрь
2025
Жетістігімді ұстазыма арнаймын! челленджі
Жетістігімді ұстазыма арнаймын! Әр жетістіктің артында үлкен еңбек пен ұстаздың сенімі тұрады. Маған білім беріп, бағыт-бағдар көрсеткен, әрқашан қолдау білдірген ұстазыма шексіз алғысым бар. Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағы! Алғысым шексіз, ұстазым! 💐