«Заң және тәртіп» – адалдық сағаты
«Заң және тәртіп» – адалдық сағаты 19 қаңтарда «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты «Адалдық сағаты» форматында өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.Сынып сағаты барысында «Адал азамат» бағыты аясында дайындалған мазмұнды бейнематериалдар көрсетіліп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді.