Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті
05
ноябрь
2021

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті

        №58 ЖББМ 5-қазан күні бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 1-тоқсанның қорытындысы, қалыптастырушы бағалауда жіберілен олқылықтарды жою жолдары, цифрлы білім беру туралы тақырыптар бойынша мәселелер талқыланды. 
ДОЖО Омарқұлова Ш. бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша таныстырылым жасады. Білім сапасы мен үлгерімі туралы есеп беріп алдағы тоқсанның күн тәртібінде атқарылуы керек жұмыстарға тоқталып өтті.
       
Қалыптастырушы бағалау бойынша мониторинг жүргізілуі мен ТЖБ-ның орындалу барысына, ондағы олқылықтарға тоқталып, болашақта жіберілуі мүмкін олқылықтарды ескере отырып мектеп мұғалімдері Асылбекова С; Шүйіншалиева Д. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Цифрлы білім беру – заманауи оқытудың кілті» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Багибаева Б. таныстырылым жасады. «Алматы» кітап-баспасының қызметкері Қамария Жеңісқызы өз баспаларының «тоpiq» атты платформасын таныстырды. 
Мектепте білім сапасын көтеру мақсатында мұғалімдер өзара пікір алмасты. Педагогикалық кеңес соңында мектеп психологы Такишева С. «сабақ барысында балалардың зейінін білімге, оқуға дұрыс шоғырландыру мақсатында қолданылатын дене жаттығуларына» тоқталып, өз тренингімен аяқтады.