АСЫҚ АТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2022

АСЫҚ АТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

                              АСЫҚ  АТУШЫЛАР  СЫНҒА  ТҮСТІ 

        Алматы қаласындағы № 58 жалпы  білім   беретін  мектептің базасында 26-30 наурыз күндері  « Асық ату мен бес  асықтан » жастар арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келе жатқан ұлттық спортымыздан өткен байрақты бәсекеге еліміздің 10 облысынан командалар қатысып, ұлдар асық атудан сынға түссе, қыздар бес асықтан бақтарын сынады.  Қазақстан чемпионатын ҚР асық ату федерациясының президенті, қазақ күресінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, ұлттық спортымыз асықты өрге сүйреп жүрген азамат Жомарт  Сабыржанов ағамыз өзінің құттықтау сөзімен ашып, аталған мектептің директоры, ұлттық спорт жанашыры Утжанова  Шынар Кенесбайқызына  естелік медаль табыс етті.   Ұлттық    өнеріміздің  жанашыры   бола    білейік  . Барша жеңімпаз бен  жүлдегер атанған асықшы жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!