21
октябрь
2024
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміндегі "Ашық есік" күні
25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне №58 жалпы білім беретін мектептің оқушылары "Ашық есік" күні барып, сарбаздардың күнделікті өмірімен, тұрмыс тіршілігімен танысып қайтты.
Іс-шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және жастардың бойында батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында жүргізілді.
Бөлімге келген оқушылар әскери қызмет атмосферасына бөленді, оларға әскери техника мен киім үлгілері, қару-жарақ пен арнайы құралдар көрсетілді.
Жас ұрпақтың назарына жауынгерлік қызмет пен Қарулы Күштер дәстүрі, сондай-ақ ата-баба тарихы мен ерлік мұрасы, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде ақпарат жеткізілді.
Осылайша, әскери бөлімге бару жастар үшін есею жолындағы маңызды қадам болды. Олар Отанды қорғау туралы тереңірек түсінік алды және Армияның жауынгерлік қуатын көріп, әскери қызметті құрметтеуге үйренді.
Саяхатқа барған балалар болашақта осы бөлімдегі сарбаздар сияқты әскери киім киіп, Отанды қорғайтындарын айтты.