Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында мерекелік іс- шара » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында мерекелік іс- шара
13
февраль
2024

Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында мерекелік іс- шара

13 ақпан күні №58 жалпы білім беретін мектепте » КММ  Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында    мерекелік іс- шарамен басталып  арты әскери патриоттық жарыс  өткізіп өз жалғасын тапты.Әскери патриоттық жарыста оқушылар 5 кезең бойынша өзара бақ сынасты. 
1 .кезең Калашников автомат қаруын бөлшектеу және жинақтау.
2 .кезең Калашников автомат қаруының оқжатарын уақытқа оқтарын салу және шашу.
3 .кезең Жеке қорғаныс костюмін уақытқа кию.
4.кезең ҚР ҚК Әскери шендерді жатқа айту .
5.кезең  Гир тасын көтеру .
Мерекелік іс-шараға келген қонақтар

 1.Нұрғалиев Ерлан Боранұлы " Айбын Тәжік -Ауған шекарасы ардагерлер одағының аймақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2. .Қордағы полковник  Мамирканова Даулеткали Советқалиұлы. "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің құрметті ардагері", "Застава тарландары" шекарашы ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының кеңес мүшесі
3. Хамзин Байкал Ерсултанович қордағы капитан  Ауған соғысының ардагері
4.?
Аталған шара  15 ақпан «Кеңес  әскерінің  Ауғанстан жерінен шығарылуына 35 жыл» толуына орай ұйымдастырылып, 
 Кездесу барысында деректордың тәрбие жөніндегі орынбасары Махаев Жәнібек Рамазанұлы  Ардагер-жауынгерлерді  алдағы  мерекемен  құттықтап, жоспарланған мерекелік іс- шараның  мақсаты мен маңызын түсіндіріп өтті.  Мектеп  өнерпаз жастары  патриоттық  әндерді орындап, би биледі.  Ардагерлер  ерлік пен қайсарлық,   адалдық, интернационалдық  достық  тақырыптарында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,  он жылға созылған Ауған соғысының  тарихтағы орны мен қазіргі уақытқа дейін жауынгерлердің жанын сыздататын  соғыс зардабы туралы әңгімеледі.   Азаматтық борышын орындау жолында өзге елде жанын қиған жауынгерлер мен батырлардың  ерлігін, өнегелі өмірін жас ұрпақтың білуі – оларды ерлікке тәрбиелеудің, патриотизмге баулудың  негізі болатынын  айтты.   Нұрғалиев Ерлан Боранұлы өскелең ұрпақтың   өз елін сүйетін,  жүрегінде Отаншылдық сезімі  басым, өз тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын  азаматтар болып тәрбиеленетініне сенім білдірді.