Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ
24
декабрь
2024

«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ

«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН»  ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ
      23 желтоқсан күні  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті. 
        Бүгінгі қабылдау рәсіміне 92 оқушы қатысып, оның ішінде 46 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 46 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды. 
       Ниязбаева Шакира салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша көрермендердің көңілінен шығып отырды. 
      Сценарий бойынша Мемлекеттік ту  маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды.     Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп әкімшілігі , мұғалімдер ,өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып, тағуы- бұл да бір есте қаларлық көрініс болды. 
Қорытынды бөлімінде мектеп директоры Утжанова Шынар Кенесбайқызы сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді .
       Іс-шараға жауапты - мектеп тәлімгері Бексанқызы Сәуленің ұйымдастыруымен өтті.