Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы
11
сентябрь
2025

“Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы

    2025 жыл 11 - қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында “Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы өтті. Байқау қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға мектепішілік кезеңде іріктеуден өткен 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушылар эсселерінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміндегі рөлі, оның қазақ әліпбиі мен грамматикасына қосқан үлесі, ұлттық сананы оятудағы еңбектері туралы ой қозғады. Эсселер мазмұн тереңдігі, сауаттылық, тақырыпты ашу, тіл байлығы және шығармашылық көзқарас критерийлері бойынша бағаланды.

🥇- орын иегерлері: Берікбол Нұрай, Қабылбекова Ділда;
🥈- орын иегерлері: Абдукадир Диас, Шаимкулова Асель. 
🥉- орын иегерлері: 
Қылмырза Жасұлан; Алиакбар Азат.