Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 📣 Аудандық шығармашылық байқаулардағы жарқын жетістіктер! 🎉
20
декабрь
2024

📣 Аудандық шығармашылық байқаулардағы жарқын жетістіктер! 🎉

📣 Аудандық шығармашылық байқаулардағы жарқын жетістіктер! 🎉

Мектебіміздің оқушылары түрлі бағыттағы шығармашылық байқауларға белсене қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – оқушыларымыздың талпынысы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі.

🏙️ «Алматы – әсем қала» байқауы (аудандық кезең)

5–11 сынып оқушылары арасында өткен байқауда:

  • 🥇 Акрамова Інжу (6-сынып) – 1-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды;

  • 🥈 Ұзақбай Айзере (5-сынып) – 2-орын иеленді.

🏆 Республикалық «Махамбет оқулары» (аудандық кезең)

  • 🥇 Ниязбаева Шакира (9-сынып) — «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша 1-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.

📝 Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» (аудандық кезең)

  • 🥇 Ниязбаева Шакира (9-сынып) — «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша 1-орын иеленді.

✒️ Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы (аудандық кезең)

  • 🥇 Қалмурза Жасұлан (9-сынып) — «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бағыты бойынша 1-орын;

  • 🥈 Нұрбаева Муслима (9-сынып) — «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» бағыты бойынша 2-орын иеленді.

🎙️ VI Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы (аудандық кезең)

  • 🥇 Оңғар Бағлан (8–11 сынып оқушылары арасында) 1-орын иеленді.


🌟 Бұл жетістіктер – шәкірттеріміздің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған үздіксіз еңбектің, жанашыр ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі. Барлық жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы қалалық және республикалық кезеңдерде де сәттілік серік болсын!