Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өтті
19
январь
2026
«Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өтті
1 «Ә» сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға достық, сыйластық және қауіпсіз орта құндылықтарын түсіндіру. Сынып жетекшісі: Нугуманова Күлшат Бухараевна
“Пилоттық мектептер” құрамына еңдік.
14
январь
2026
“Пилоттық мектептер” құрамына еңдік.
Қазақстан педагогикалық ғылыми академиясының президенті Құсайынов пен 58 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне 1-2-5-сынып арасындағы білім сапасын көтеру мақсатында “Пилоттық мектептер” құрамына еңдік. Құсайынов өзінің ғылыми практика негізінде арттыру бағдарламасын тұжырымдамасын мектеп мұғалімдеріне таныстырып өтті.
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты челлендж ұйымдастырылды
13
январь
2026
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты челлендж ұйымдастырылды
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!❌🚫 58 жалпы білім беретін мектепте «Жемқорлыққа жол жоқ» атты челлендж ұйымдастырылды. Бұл челлендждің басты мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақтың кепілі. Біз адалдықты таңдаймыз, себебі болашақ – бүгіннен басталады! Жемқорлыққа жол жоқ – саналы ұрпақты қазірден бірге тәрбиелейік!
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
12
январь
2026
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттары
№58 жалпы білім беретін  мектепте 12 қаңтар күні «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – жастар арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, сондай-ақ саналы, жауапты азамат болуға бағыттау.
«Заманауи білім беру үрдісі: адал азамат, біртұтас тәрбие, тағылымды ғылым-инновация» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
09
январь
2026
«Заманауи білім беру үрдісі: адал азамат, біртұтас тәрбие, тағылымды
“Мамандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” Бүгін 09.01.2026жылы «Заманауи білім беру үрдісі: адал азамат, біртұтас тәрбие, тағылымды ғылым-инновация» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара барысында заманауи білім беру бағыттары, тәрбие мен ғылым-инновацияны ұштастыру мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалды музейіне саяхат
05
январь
2026
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалды музейіне саяхат
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6 А сынып оқушылары қысқы демалыс күндерінде "Өткенді айтпай болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбырашы, ҚазКСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, ҚазАСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалды музейіне саяхат жасап қайтты  
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
23
декабрь
2025
1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті
🎄 Жаңа жылдық ертегі – 58 мектепте 🎄 №58 жалпы білім беретін мектепте 1–4 сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі Жаңа жылдық кеш өтті. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, жаңа жылдық көңіл күйге бөленді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – мерекенің ең үлкен сыйы болды 🤍 ✨ Жаңа жыл барша бүлдіршіндерге бақыт, денсаулық, білімге құштарлық пен жарқын болашақ әкелсін!
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слеті
23
декабрь
2025
Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік
Қалалық слет – көшбасшылар алаңы ✨ Алматы қаласында өткен «Мен көшбасшымын» атты мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінде белсенділігімен, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен 🎓 10 «Ә» сынып оқушысы Нурбаева Муслима мадақтамамен марапатталды. Бұл слет – жас көшбасшылардың тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салып, болашаққа нық қадам жасауына үлкен мүмкіндік болды. Муслиманы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз 🌟
«Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
22
декабрь
2025
«Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді
№ 58 жалпы білім беретін мектепте «Алматы - таза қала « бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты таза ұстаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру .
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі
22
декабрь
2025
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі
“Қарапайым жұмысшыларды құттықтау” челленджі Бүгін мектебіміздің оқушылары жүрекке жылу сыйлайтын игі істің бастамашысы болды 💛 Күн сайын елеусіз еңбегімен қоғамға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды – көше тазалықшылары, құрылысшылар, жүргізушілер мен еңбек адамдарын мерекелерімен құттықтадық. Оқушыларымыз көшедегі жандарға тәттілер таратып, шынайы алғыс пен жылы сөздерін арнады. Кішкентай ғана сыйлық, бірақ үлкен құрмет пен ризашылықтың белгісі. #ҚарапайымЖұмысшылардыҚұттықтау