Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сентябрь
2025

Нургалиева Айжан Сатыбалдиновна

Нургалиева Айжан Сатыбалдиновна
1976 жылғы 1 тамызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көлбай ауылында дүниеге келген.
1982–1993 жылдар аралығында Көлбай орта мектебінде білім алды.
1993–1998 жылдары «Семей» мемлекеттік оқу орнында білім алды.
2002–2005 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолы
1998 жылы Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Семей филиалында оқу-әдістемелік бөлімінің маманы қызметінен еңбек жолын бастады.
2006 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына оқытушы болып ауыстырылды.
2009 жылы конкурс комиссиясының шешімімен тарих кафедрасының аға оқытушысы қызметіне тағайындалды.
Осы жылы «XIX–XX ғасырлардағы Шығыс Қазақстан аумағындағы денсаулық сақтау ісінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2010–2016 жылдар аралығында ҚММ «№114 жалпы білім беретін мектепте» тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.
2016–2017 жылдары осы мектепте оқу ісі жөніндегі орынбасар лауазымын атқарды.
2017–2025 жылдар аралығында ҚММ «Габиден Мұстафин атындағы №191 мектепте» мектеп директоры болып қызмет етті.
2025 жылғы 4 тамыздан бастап ҚММ «№58 жалпы білім беретін мектепте» директор қызметін атқарып келеді.