“Тіл жүйріктері” білімділер сайысы » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2023

“Тіл жүйріктері” білімділер сайысы

Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында, 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушыларының қатысуымен “Тіл жүйріктері” білімділер сайысы ұйымдастырылды.Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылыой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін жетілдіру, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру және шыңдау. Сайыс мынадай тартысқа толы 4 кезеңнен құралды: 
“Бәйге” ; 
“Тапқырлық” ; 
“Ақын-жазушылар” ; 
“Өлең - сөздің патшасы”.
Сайыс барысында оқушылар бірінен-бірі оза түсіп, бәсекеге қабілеттіліктерін дәлелдеді.   Әділ-қазылардың есебі бойынша 7”а” сыныбынан құралған “Қыран” тобының ұпайлары басым түсіп, қарсылас “Жігер” тобын баса озып, жеңіске жетті. 

Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Қараханқызы Ұлпан;  Жанәділ Назерке.