27
февраль
2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 33-балалар кітапханасында тағылымы мол әдеби ревю жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 33-балалар кітапханасында тағылымы мол әдеби ревю жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кеш қонағы, балалар әдебиетінің жазушысы Баян Болатханова Ж.Жабаев жайлы сырлы естеліктерімен бөлісті. Шараға №58 ЖББМ-нің 6, 7, 8-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары үлкен жауапкершілікпен дайындап, жас жеткіншектер ақынның жалынды жырлары мен терең мағыналы өлеңдерін жарыса мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, Жамбылдың өмір жолынан сыр шертіп, шығармашылығының тағылымды тұстарын әсерлі жеткізе білді.
Кеш барысында ұлттық рух асқақтап, сөз құдіреті дәріптелді. Белсенділік танытқан оқушылар мадақтамалармен марапатталып, бұл әдеби басқосу рухани әсері мол, тәрбиелік мәні зор кешке айналды.