Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2026

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында №33 балалар кітапханасымен бірлесе отырып әдеби ревю өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның терең мағыналы жырлары мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жамбыл Жабаевтың шығармалары арқылы ұлттық рух, елге деген сүйіспеншілік, тілге деген құрмет дәріптелді.

Кеш барысында қатысушылар ақын мұрасымен тереңірек танысып, оның шығармаларынан рухани тағылым алып, әсерлі де мазмұнды әдеби кештің куәсі болды.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады.

✨ Мемлекеттік тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы.