Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2026

№58 мектепте оқитын жас достарымыз келді.

Бүгін редакциямызға №58 мектепте оқитын жас достарымыз келді. Әдеттегідей жылдағы дәстүр бойынша газеттің туған күнін ұмытпай, концерттік бағдарлама дайындаған екен. Оқушылардың бұл бастамасына мұрындық болып, газет-журналмен достастырып жүрген Самал апайымызға алғыс білдіреміз!
👏 Бір қызығы бүгін келген жоғары сынып оқушылары 5-сыныптан бері бізбен бірге өсіп келеді. Биыл олар мектеп бітіргелі жатыр екен. Енді бұл дәстүрді арттарынан ерген төменгі сынып оқушылары жалғастырмақ. Сол оқушының бірі – Нұрислам. Редакцияға келген сайын әнін де, киімін де дайындап келеді. Жарайсың дейміз!
🤩 Сондай-ақ, Самал апайдың «Ұланның» архивіне қосып жатқан үлесі зор. Ол туралы газеттің алдағы санынан оқи аласыңдар ☺️
Балақайларға көрсеткен өнері, жылы тілектері үшін көп рақмет дейміз!